Әлем чемпионы Головкин-Джейкобс кездесуіне болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша, әлемнің экс-чемпионы Шейн Мозли EsNews басылымына берген сұхбатында алдағы уақытта болатын Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында болатын жекпе-жекке байланысты болжамын айтты. Бұл туралы Sports.kz. хабарлайды. 

Әлем чемпионы Головкин-Джейкобс кездесуіне болжам жасады

«Маған екі боксшының екеуі де ұнайды. Джейкобс өте жылдам әрі айлалы, ол өте жақсы соққы бере алады және ширақ қозғалады. Алайда, бұл кездесу ол үшін өте ауыр болады. Меніңше, оның жылдамдығы тек 4-5 раундқа ғана жетеді. Одан соң Головкин оның күшін сарқып, жеңіске жетеді»,-деді Мозли.

Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.