Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Г. Головкин кезекті жекпе-жегі үшін салмақ тастауға әзір
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин кезекті жекпек-жек алдында бірнеше келіден арылуға әзір.
Бұл жайында атақты спорттық шолушы Дэн Рафаэль мәлім етті. Оның сөзін Г.Головкиннің «Контактіде» әлеуметтік желісіндегі тобына сілтеме жасап Vesti.kz келтіріп отыр.
«Орташа салмақтағы WBА чемпионы Геннадий Головкин 20 сәуір күні орташа салмақтағы WBС чемпионы Саул «Канаэло» Альварес пен осы салмақтағы WBА нұсқасы бойынша чемпион Остин Трауттің арасында өтетін біріккен жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге әзір. Аталмыш кездесу үшін Головкин 154 фунт (70 келіге дейін) салмақ дәрежесіне түсуге дайын.
Головкиннің бұл жекпе-жекке қызығушылығын оның менеджері Том Леффер де растады. Сондай-ақ оның айтуынша, биыл Г.Головкин шақыру қабыл алынған жағдайда WBС нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Серхио Мартинеспен де күш сынасуға дайын.