Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің суреті американдық журналдың мұқабасына басылды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің фотосуреті американдық Boxing News журналының мұқабасына басылды, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің суреті американдық журналдың мұқабасына басылды

Оған «Қауіпті Геннадий Головкин АҚШ-ты жағып жіберуге әзір» деген тақырып қойылған.

Еске сала кетейік, қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 30 наурызда Монакодағы Монте-Карлода жапондық Нобухиро Ишидамен өтеді.