07:57, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
Әлем чемпионы П.Куиллин WBA чемпионы Г.Головкинмен сайысқа дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - 35 жастағы чех Лукаш Конечнаны төрешілер шешімімен жеңген WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, орта салмақтағы 30 жастағы Питер Куиллин осы салмақтағы WBA чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен сайысқа әзір екендігін американдық боксшының промоутері Ричард Шефер мәлімдеді .
Sport Illustrated басылымының шолушысы Крис Мэнникс өзінің микроблогында Куиллин-Головкин сайысына қатысты Шефердің: «Бізге ұсыныс жасаңыздар. Біз сайысуға дайынбыз», - деген сөздерін келтірген. Қазіргі кезде Головкиннің командасы Геннадийдің орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы атағының иегері мексикандық Хулио Сезар кіші-Чавеспен жекпе-жегін ұйымдастыру жөніндегі келіссөздерді аяқтау қарсаңында, деп хабарлады zakon.kz. .