Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге келісім берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орта салмақта WBC «уақытша» әлем чемпионы Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адамес WBO титулының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None

Адамес жексенбіде британдық Дензел Бентлиді жеңгеннен кейін жариялаған «Qazaq style»-інің жазбасына жауап берді. «Қалған чемпиондардың барлығы менің 12 раундтан өткенімді көріп, естіді. Олар енді менен қашпайды деп үміттенемін. Бұрын олардың бәрі нокаутқа түсуден қорқатын. Енді оларда нокаутсыз-ақ жеңілуге болады деген үміт пайда болды. Бірақ олар үшін мен бірдеңе дайындап қойдым», - деп жазды Жәнібек желідегі парақшасында.

Адамес өзінің аккаунтында осы жазбаны ретвиттеп: «Мен дайынмын» деген пікір қалдырды.

Айта кетейік, Әлімханұлының өзі Бентлимен өткен жекпе-жектен кейін нақты ешкімнің атын атамай, белбеулерді «чемпиондардың кез келгенімен» біріктіруге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін хабарланғандай, Жәнібек Әлімханұлына рингке шығуға шектеу қойылды.

Енді «Qazaq style» лақап атымен танымал боксшымыз Х.Мунгия командасынан жауап күтіп жүр.


Соңғы жаңалықтар