Әлем елдерінен Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар жиналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел ішінде және әлем елдері бойынша Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты сирек кездесетін кітаптарға іздеу салынады. Бұл туралы қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біздің орталықтың құрылғанына 5 жыл болды. Болашаққа жоспар көп. Соның бірі - алдағы 3 жыл ішінде ел ішін аралап, төл тарихтан хабар беретін сирек кездесетін кітаптарды іздеу. Облыс, аудандарда көпке беймәлім құнды дүниелер бар. Мақсат – соларды жинап, зерттеу, өңдеу және көпшілік назарына ұсыну. Одан әрі ел тарихына қатысты сирек кездесетін кітаптарды іздеу мақсатында шетелге шығуды көздеп отырмыз. Жоспар бойынша 20-ға жуық елді аралаймыз. Табылған дүниелерді елге алып келеміз. Осылайша келешек ұрпаққа қалдыратын мәдени мұраның саны арта түспек», - деді Жандос Болдықов.

Бұған дейін Қазақ хандығына қатысты әлемде баламасы жоқ 19 қолжазбаның жиналғаны айтылған еді.

Ұлттық орталық маманының айтуынша, жиналған қолжазбалар алдағы уақытта көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылмақ.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Ұлттық музейде төл тарихтан сыр шертетін сирек кездесетін қолжазбалар көрмеге қойылды .


Соңғы жаңалықтар