Әлем елдерінің бір-біріне сенімсіздігі жалғасатынына қауіп бар – Жозе Мануэль Баррозу

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі күрделі ахуал алдағы уақытта да жалғасады деген қауіп бар. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Еуропалық Комиссияның бұрынғы президенті Жозе Мануэль Баррозу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Кейінгі бір жылдағы әлемдегі жағдай болашаққа елеулі түрде әсер етіп отыр. Яғни айтарлықтай өзгеріс байқалды. Осыған дейін G20 саммиті аясында қарым-қатынас болды. Сол кезде Еуропа, Қытай және басқа да елдер арасындағы ынтымақтастық деңгейі айтарлықтай жақсы болды. Қазіргі кезде әлемдегі ахуал мүлдем басқа

, - деді Жозе Мануэль Баррозу.

Оның айтуынша, әлем елдерінде бір-біріне деген сенімсіздік артып келеді.

Сенімсіздік деңгейі күшейіп келеді және осы ахуал алдағы уақытта да жалғасады деген қауіп бар. Қазір біз осы тенденцияны анық көріп тұрмыз. Менің ойымша, әлем елдерінде бір-біріне деген сенімсіздік алдағы кезеңде қиындай түседі

, - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Конгресс орталықта Астана халықаралық форумы жұмысын бастады.

Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.


Соңғы жаңалықтар