Әлем елдерінде сиыр етінің бағасы қанша: Қазақстанда қымбат па
АСТАНА. KAZINFORM – Numbeo халықаралық платформасы жаһанның әр түкпірінде сиыр етінің келісі қанша тұратынын анықтап, статистика құрастырған. 101 мемлекеттің арасында Қазақстан да бар.
Сиыр еті ең қымбат алғашқы ондықта Еуропа мен Азияның әртүрлі елі тіркелген.
1. Швейцария – $45.58 (≈ 21 173 теңге);
2. Норвегия – $32.89 (≈ 15 278 теңге);
3. Люксембург – $27.65 (≈ 12 844 теңге);
4. Оңтүстік Корея – $25.28 (≈ 11 743 теңге);
5. Сингапур – $24.80 (≈ 11 520 теңге);
6. Израиль – $24.71 (≈ 11 478 теңге);
7. Аустрия – $23.50 (≈ 10 916 теңге);
8. Финляндия – $22.59 (≈ 10 493 теңге);
9. Франция – $22.19 (≈ 10 307 теңге);
10. Германия – $21.71 (≈ 10 084 теңге).
Сондай-ақ, 17-орындағы Түркияда бұл көрсеткіш $19.98 (≈ 9 281 теңге), 22-орындағы АҚШ-та $16.92 (≈ 7 859 теңге), ал 31-орындағы Ұлыбританияда $14.74 (≈ 6 847 теңге) болып шықты.
Елімізге жақын шетелдердің арасында сиыр етінің келісі ең қымбат мемлекет Армения екен. 52-сатыдағы бұл республикада ол $12.26-ға бағаланған, яғни 5 695 теңге.
Айналамыздағы өзге де мемлекеттердегі сиыр етінің бағасына тоқталсақ:
• Қытай – 59-орында, $11.13 (≈ 5 170 теңге);
• Ресей – 64-орында, $10.93 (≈ 5 077 теңге);
• Өзбекстан – 66-орында, $10.86 (≈ 5 044 теңге);
• Әзербайжан – 70-орында, $10.53 (≈ 4 891 теңге);
• Грузия – 73-орында, $9.96 (≈ 4 626 теңге);
• Беларусь 77-орында, $9.25 (≈ 4 296 теңге).
Ал Қазақстан бұл тізімде 82-орында. Елімізде бір келі сиыр етінің бағасы $8.72 (≈ 4 050 теңге) деп көрсетілген.
Сонымен бірге, Қазақстаннан кейін тізімде 88-орындағы Украина $7.33 (≈ 3 405 теңге), 98-орындағы Үндістан $5.23 (≈ 2 429 теңге) және т.б. елдер тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда сиыр етіне импорттық квота бөлінетінін жазғанбыз.