Әлем халқының саны 11 миллиардқа қашан жетеді?
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХІ ғасырдың ортасында әлем халқы санының өсуі тоқтамайды. Бұл туралы aikyn.kz сайты жазды.
Халық санының өсімі келесі ғасырдың басына дейін жалғаспақ. БҰҰ мен Вашингтон университетінің ғалымдарының мәліметі осындай. Бұл уақытта Жер тұрғындарының саны 11 млрд. адамға жетіп жығылады. Бұл бұрынғы жорамалдан 2 млрд. адамға кем.
Ғалымдардың пікірінше, Африка құрлығында демографиялық өсім күрт жоғарылап, халық саны 1 миллиардтан 4 миллиардқа дейін өседі.
Қазір африкалықтар арасында бала туу көрсеткіші өте жоғары, әр отбасында орта есеппен 4-6 баладан бар. Азия халқының саны 5 миллиардқа дейін жетіп, кейін азая бастайды. Ал Жердің өзге құрлықтарындағы тұрғындар саны тұрақты сақталады деп болжануда.