Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Жер халқы тағы бір маңызды белестен өтті: 15 қарашада планетамыздың сегіз миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
None

«Мерейтойлық» сәби өз аумағында дүниеге келгенін алға тартып отырған бірнеше ел бар. Ал БҰҰ үшін бұл оқиға – адамзаттың қалай дамып жатқанына, қандай «өсу проблемаларына» тап болатынына назар аударуға мүмкіндік.
Планетамыз халқының саны екі есеге артуы үшін жарты ғасырдан аз уақыт қажет болды: сонау 1974 жылы жер бетінде 4 млрд адам болған. 12 жылда 7 млрд-тан 8 млрд-қа дейін көбейді.

Бірақ келесі меже – 9 миллиардқа жету үшін шамамен 14,5 жыл (2037 жылға дейін) қажет болады, бұл жаһандық өсудің баяулауын көрсетіп отыр.
БҰҰ болжамынша, әлем халқының саны 2080 жылдары 10,4 млрд адамға жетеді және бұл деңгейде 2100 жылға дейін сақталады.


Фото: news.un.org


Соңғы жаңалықтар