Әлем халықтарын онкологиялық аурулардың жаңа толқыны басқалы отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламшар халқын онкологиялық аурулардың жаңа толқыны басқалы жатыр. Бұндай ескертуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады.

Әлем халықтарын онкологиялық аурулардың жаңа толқыны басқалы отыр

ДДСҰ мәлімдемесіне қарағанда, семіздік, алкоголь және темекі мәселелері шешілсе, қатерлі ісік ауруларына шалдығушылар да екі есеге азаятын еді. Әлемде жылына 14 миллион адам қатерлі ісік індетіне шалдығады. Мамандардың пайымынша, алдағы жиырма жылда бұл көрсеткіш 24 миллионға дейін жетеді. ДДСҰ-ның онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттігінің ескертуіне қарағанда, қатерлі ісік дерттерін емдеудің құны да артады. Ұйым өз мәлімдемесінде барлық елдердің үкіметтеріне алкоголь мен қантты пайдалануды азайту тұрғысында қатаң әдістер арқылы күресу керектігін алға тартуда. Олардың пайымынша, аталған өнімдердің бағасын көтеріп, жарнамаға шектеу енгізу қажет.