Әлем картасында Оңтүстік Судан атты жаңа мемлекет пайда болды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Сенбі, 9 шілде күні Оңтүстік Судан ресми түрде өз егемендігін жария етті. Жаңа мемлекеттің астанасы Джуба қаласында тәуелсіздіктің жариялануына орай мереке басталды,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Мыңдаған адам мемлекеттік туларын қолдарына алып, көшеге шықты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, барлық жерде аспанға оқ атылып, ән шырқалуда.
Ел халқы «Оңтүстік Судан жасасын!» деп ұрандатуда. «Мен өмір бойы қан төгістің аяқталатынына сенгенмін», -дейді олардың бірі.
Қаңтар айында өткен референдумда жаңа ел тұрғындарының көпшілігі Оңтүстік Суданның тәуелсіздігі үшін дауыс берген.