Әлем кубогында Қазақстанның сегіз шаңғышысы сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Рукада (Финляндия) шаңғы жарысынан 2026/2027 жылғы әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады.
Бірінші күні спортшылар классикалық стильдегі 10 шақырымдық жекелей сайыста сынға түседі.
Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Әмірғали Мұратбеков, Нартай Тұрлыбекұлы, Ернар Нұрсбеков, Олжас Климин, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина және Анна Мельник қорғайды.
Айта кетейік, 28 қарашада классикалық стильдегі спринт, ал 29 қарашада еркін стильде 20 шақырымдық масс-старт жарыстары өтеді.
Айта кетелік қазақстандық биатлоншылар әлем кубогы кезеңіндегі жекелей жарыста бақ сынады.