Әлем кубогының кезеңі: ел құрамасы қазіргі бессайыстан күміс медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды.

бессайыс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Аталған додада қазақстандық спортшылар аралас эстафетада 1337 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Темірлан Әбдірайымов пен Людмила Яковлева қорғады.

Бұл сында алтын медалді 1350 ұпай еншілеген Мексика елінің құрамасы қанжығасына байлады.

Ал үздік үштікті Оңтүстік Корея командасы қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұл жарысқа 45 елден келген 100-ден астам ең үздік спортшылар қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар