Әлем кубогінде жекпе-жектерді бағалауға жасанды интеллект тартылмақ
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Гуянг қаласында әлем кубогінің техникалық жиыны басталды. Бұл туралы ҚБФ хабарлады.
Жарысқа 40 елден 300 боксшы тіркелген (177 ер, 123 әйел). Жарыстың басты ерекшелігі - жекпе жек барысында жасанды интеллектпен жұмыс сынақтан өткізіледі.
Жүйе атауы - XEMPOWER AI POWER SYSTEM
Жекпе жекке дейін қолғаптар жабдықтар үстелінде таратылады. Xempower қолғаптың білек тұсына сенсор орнатады, чип боксшыға кедергі келтірмейді.
Жабдықтар жөніндегі менеджер чиптің айналасын тейппен орайды.
Жекпе жектен кейін бапкер қолғапты әдеттегідей шешіп, еріктіге береді. Чипті қабылдап алу үшін Xempower қызметкерлері бұрышта болады.
Айта кетелік қазақстандық Әли Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.