Әлем Кубогінің төртінші кезеңі: Қазақстандық биатлоншы өзінің үздік көрсеткішін тіркеді

Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының төртінші кезеңінде биатлоннан 10 км қашықтыққа спринт сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform.

биатлон
Фото: Қазақстан биатлоншылар одағы

Қазақстанның биатлоншылар одағының мәліметінше, аталған жарыста қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев 100 спортшының арасынан үздік отыздыққа енді.

Александр мәреге 16-шы болып жетті. Ол жеңімпаздан 1:06.8 уақытқа қалып қойды. Деседе бұл нәтиже оның жеке жетістігіндегі ең үздік көрсеткіші.

Екінші атлетіміз Владислав Киреев мәре сызығын 29-шы болып кесіп өтті. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, +1:44.6 уақыттан кейін үздіктер қатарына енді.

Осы жарыста ұлттық құрама сапында Асет Дюсенов те өнер көрсетті. Ол 71-ші болып, жеңімпаздан +3:07.9 уақыттан кейін жарысты аяқтады.

Алғашқы болып жеңіс тұғырына неміс спортшысы Бенедикт Долл (24:12.2) жетті. Екінші орынға норвегиялық спортшы Стурла Легрейд (+1.8), үшінші орынға тағы бір норвегиялық спортшы Эндре Стремсхайм жайғасты(+5.4).

Соңғы жаңалықтар