Әлем кубогы: Алтыншы кезеңде қазақстандық биатлоншылар сәтсіз өнер көрсетті
Аталған сында ел намысын қорғаған спортшылар арасынан ең үздік нәтижені Владислав Витенко көрсетті - 52 орын. Ал өзге отандастарымыздың арасынан Василий Подкорытов 69-шы орынға, Роман Еремин 77-ші орынға, ал Максим Браун 100-ші орындарға жайғасты.
Аталған додада бас жүлдені норвегиялық Йоханнес Бе жеңіп алса, екінші орынды франциялық Мартен Фуркад иеленді. Ал үздік үштікті германиялық Арнд Пайффер қорытындылады.
Биатлоннан әлем кубогының VI кезеңі, Антхольц-Антерсельва, Италия
Ерлер:
Спринт, 10 шақырым
1. Йоханнес Бе (Норвегия) - 23:19.3
2. Мартен Фуркад (Франция) - +12.8
3. Арнд Пайффер (Германия) - +42.2
52. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:37.0
69. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +3:05.2
77. Роман Еремин (Қазақстан) - +3:19.6
100. Максим Браун (Қазақстан) - +4:20.8
Енді, ертең Астана уақытымен сағат 18:15-те әйелдер, 20:00 де ерлер құрамасы ізге түсу сайысы бойынша үздіктерді анықтайды.