Әлем кубогы: Қазақстан биатлоншылары жүлдесіз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының бесінші кезеңінде әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей сайыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл сында ел намысын қорғаған отандастарымыздың арасынан Ольга Полторанина 28-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, басқа төрт биатлоншы қыздарымыз мәре сызығына ең соңғылардың бірі болып жетті.

Аталған додада бас жүлдені италиялық Доротея Вирер жеңіп алса, Финляндия өкілі Кайса Мякяряйнен екінші орынды, канадалық Розанна Кроуфорд үздік үштікті түйіндеді.

Биатлоннан Әлем кубогының V кезеңі, Рупольдинг, Германия.

Әйелдер:

Жекелей сайыс, 15 шақырым

1. Доротея Вирер (Италия) - 41:29.0
2. Кайса Мякяряйнен (Финляндия) - +12.7
3. Розанна Кроуфорд (Канада) - +21.2
28. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +3:11.4
58. Галина Вишневская (Қазақстан) - +4:29.4
60. Дарья Климина (Қазақстан) - +4:34.5
61. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +4:43.7
72. Алина Райкова (Қазақстан) - +5:47.6

Соңғы жаңалықтар