Әлем кубогы: Қазақстандық биатлоншылар 25-орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның Хохфильцен елді мекенінде өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңімпаз - Норвегия командасы, екінші орында - Германия, үшінші орынға Франция құрамасы тұрақтады.
Қазақстандық биатлоншылар Владислав Витенко, Василий Подкорытов, Антон Пантов және Роман Еремин 25-інші орынға орналасты. Олар Беларусь командасын ғана басып оза алды.
Биатлон. Әлем кубогы. Хохфильцен (Австрия)
Ерлер. Эстафета 4×7.5 шақырым.
1. Норвегия - 1:21:21.8 (0+4 0+5)
2. Германия - +1:54.9 (0+5 0+12)
3. Франция - +2:34.0 (0+2 3+11)
25. Қазақстан.