Әлем кубогы кезеңінде шаңғышы А.Полторанин 9-орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияның Нове-Место-на-Мораве қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында ерлер арасынан 15 шақырым қашықтыққа шаңғымен жарысуда спортшымыз Алексей Полторанин тоғызыншы болып келді, деп хабарлайды sports.kz.

Әлем кубогы кезеңінде шаңғышы А.Полторанин 9-орында

Француз шаңғышысы Морис Манифика жарыста жеңімпаз атанды, норвег спортшысы Мартин Йонсруд Сундбю екінші орында, үшінші орында ресейлік Сергей Устюгов.

Қазақстандық Алексей Полторанин тоғызыншы болып мәре сызығын кесіп өтті, Сергей Малышев - 52-ші, Евгений Величко - 53-ші, Ринат Мухин - 66-шы орындарда.

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Тоғызыншы кезең. Нове-Место-на-Мораве (Чехия)
Ерлер. Жеке жарыс. Еркін стиль. 15 км.

1. Морис Манифика (Франция) - 34:04.9
2. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - +10.8
3. Сергей Устюгов (Ресей) - +13.0

9. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +48.8
52. Сергей Малышев (Қазақстан) - +2:54.3
53. Евгений Величко (Қазақстан) - +2:57.4
66. Ринат Мухин (Қазақстан) - +3:40.9.