Әлем кубогында қызылордалықтар 5 жүлдені қанжығаға байлады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында спорттық және әскери самбо бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне арналған әлем кубогында сырбойылықтар бес медаль еншіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемдік жарыста 57 келі салмақта әскери самбодан Наурызбек Дәулетбаев, самбодан 74 келіде Ғалымжан Абдрахманов жеңімпаз атанды. Алпыс келіде  кілемге шыққан самбошы қызымыз Жансая Мұрат, 62 келідегі Дархан Сержанов және 72 келіде күрескен Динара Қодарова қола жүлде иеленгендер қатарынан көрінді.

 Спортшыларды жарысқа Әділбек Серікбаев, Марат Асылов, Төлеби Төлепов және Жанар Дүйсекенова дайындады.

   Дүбірлі бәсекеге  әлемнің 16 елінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, Кубок иегері атанды. Екінші - Грузия, үшінші орындарды - Ресей командалары бөлісті.

   Енді олар үстіміздегі жылғы қыркүйек айында Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия ойындарына қатысады, ал Ғ.Абдрахманов пен Н.Дәулетбаев  қараша айында Сочиде (Ресей)  болатын әлем чемпионатында  облыс намысын қорғайтын болады.

null 

Соңғы жаңалықтар