Әлем Кубогының қорытынды кезеңінде қарағандылық коньки тебуші Е. Айдова 6-шы көрсеткішке ие болды

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандылық коньки тебуші Екатерина Айдова Голландияда 1000 метр қашықтықтағы жарыста 6-шы көрсеткішке ие болды.
None
None

Бұл туралы BNews.kz Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

2013 жылғы 8-10 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Голландия) коньки тебу спортынан Әлем Кубогының қорытынды кезеңі өтті. Екатерина Айдова 1000 метр қашықтықтағы жарыста 1,16,18м нәтижесімен 6-шы көрсеткішке ие болып, ҚР-ның жаңа рекордын орнатты. Сондай-ақ, ол 38,53 нәтижесімен 500 метр қашықтықтағы жарыста оныншы болып келді.

Соңғы жаңалықтар