Әлем Мишель Обаманың қанша ақша жұмсайтынын білді

Елдің үш ірі несиелік ұйымы - Experian, Equifax және TransUnion қылмыскерлер танымал тұлғаларды тауып алып, олардың несиелік тарихына қол жеткізе алғанын растады. Киберқылмыскерлердің құрбандарының арасында АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама да бар.
Барлығы 24 адам хакерлердің құрбаны болды. Америка президентінің зайыбынан басқа олардың арасында шоу-бизнес жұлдыздары Бейонсе, Бритни Спирс және Канье Уэст, актерлер Арнольд Шварценнеггер, Эштон Катчер және Мел Гибсон бар. Сондай-ақ exposed.su сайтындағы жалпы қолжетімді тізімде Мемлекеттік департаменттің бұрынғы басшысы Хиллари Клинтон, вице-президент Джо Байден, президентке кандидат Митт Ромни мен миллиардер Дональд Трамп бар.
Айта кетейік, бұл тізім сайтта Кеңес Одағына бөлінген su доменімен жарияланды. Сондай-ақ Twitter-де бұл мәліметтерге сілтеме жасалған аккаунт құрылды. «Сәлем, әлем. Біз - exposed. Мақсатымыз - барлықтарыңызға бұл, біздің қорымызда бар аздаған трюктердің бірі екенін көрсету», - делінеді хабарламада.