«Әлем миссисі -2014» байқауының жүлдесі беларусь келіншегіне бұйырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық байқау АҚШ-та, Мэриленд штатында өтті. 31 жастағы «Әлем миссисі-2014» жеңімпазы тұрмысқа төрт жыл бұрын шыққан. Ол тележүргізуші, сонымен бірге сахнада ән айтады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Байқауға барлығы 35-елден келіншектер қатысқан. Сайысқа тұрмыстағы әйелдер ғана қатыса алады. Балалары бар, қайырымдылық жұмыстарымен айналысатын жандар ерекше бағаланады. Байқаудың негізгі мақсаты отбасы құндылықтарын, сондай-ақ әлем идеалдарын, мейірімділік пен сұлулықты насихаттау.

Байқау 1985 жылдан бері өтіп келеді. Келесі жылы Қытайда ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар