«Әлем сұлуы - 2012» байқауының 50 қатысушысы белгілі болды
АСТАНА. 21 сәуiр. ҚазАқпарат - Ұлттық сұлулық байқауларының 50 жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.
Енді олар өз елін «Әлем сұлуы- 2012» халықаралық байқауында танытатын болады. Ең беделді сұлулық байқауының қатысушыларының аты-жөндері мен фотографиялары globalbeauties.com. ресми сайтында жарияланған.
Байқауға барлығы 120 сұлу қызды қатыстыру жоспарланған. Бірақ кейбір ұлттық байқаулар бәсекесі әлі аяқталмаған сияқты немесе оларды ұйымдастырушылар байқауға кімді жіберу керектігін әлі анықтап үлгірмей жатыр. Ал «Бүкіл әлем сұлуы» байқауында Қазақстанды Айнұр Төлеуова есімді ару таныстырады деп жоспарлануда.
Байқау тамыз айында Ішкі Моңғолия аумағында (ҚХР), Ордоста өтеді, деп хабарлайды NEWSru Israel ақпарат агенттігі.