«Әлем тарихы», «Орта Азиялық мемлекеттер тарихы» атты жаңа оқулықтар жазыла бастайды - Бүркітбай Аяған
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Мектеп оқушыларын, студенттерді шатастырмай негізгі оқулық жазып беруіміз керек.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мәлім етті.
«Мектеп оқушыларын, студенттерді шатастырмай негізгі оқулық жазып беруіміз керек. Сондықтан осы мәселе көтеріліп отыр. Алдағы уақытта «Әлем тарихы», «Орта Азиялық мемлекеттер тарихы» және тарихтың салалары бойынша жаңаша оқулықтар жазыла бастайды. Осы тұрғыда авторлар дайындалуда, қазір тізімдері жинақталып жатыр»,-деді ол.