Әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 151 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 151 млн 774 мың 770 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 118 мың 331 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.