09:49, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Әлемде 700 миллион адам елдерін ауыстырғысы келеді
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Gallup сауалнамасы көрсетіп отырғандай, әлем бойынша 700 миллионға жуық адамның мүмкіндіктері болса,

басқа елге көшкілері келеді екен. Бұл туралы Би-би-Си телекомпаниясы хабарлады.
Тұратын жерлеріне көңілі толмайтындардың ең көбі - 165 миллион адам Африкада, Сахараның оңтүстігінде тұратындар.
Ал жұртшылық көшуге ынтық ел АҚШ болып шықты. Екінші орынды Британия, Канада және Франция бөлісіп отыр. Бұл елдердің әрқайсысына 45 миллионға жуық адамның қоныс аударғысы келеді.
Есесіне, Азия тұрғындарының еш жаққа қоныс аударуға ықыласы жоқ болып шықты. Бұл өңірде сауалнамаға жауап берген әрбір он ересектің біреуі ғана тұратын жерлерін тастап кетуге келісетінін айтқан.