08:06, 24 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Әлемде алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Теңдессіз операцияны француз хирургтары жасады.

Дәрігерлер науқастың қазіргі хәлі өте жақсы деп отыр. Автономды жүректі жасаған мамандар тобын Франция Президентінің өзі құттықтады. Хирургтар әлемдегі жасанды автономды жүректі салатын тұңғыш операцияны Жорж Помпиду атындағы госпитальда сәрсенбінің сәтті күні жасаған. Бірақ медицинаның жетістігін енді ғана жариялап отыр. Себебі әліптің артын баққан дәрігерлер науқастың отадан кейінгі жағдайының қандай болатынын күткен.
Құрылғының салмағы шамамен 900 грамдай. Бұл кәдімгі жүректен 3 есеге ауыр. Ал бағасы 250 мың АҚШ долларына тең.
Әлемде теңдесі жоқ операция 75 жастағы қарияға жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, егер осы операция жасалмағанда, бұл науқас 1 айдан кейін бақилық болар еді, деп хабарлады 24 kz.