Әлемде алғашқы боп алабота текті өсімдіктердің кейбір түрлеріне химиялық зерттеу жасаған қазақ ғалымы PhD докторы атанды

АЛМАТЫ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемде алғашқы боп  алабота текті өсімдіктердің кейбір түрлеріне химиялық зерттеу жасаған қазақ ғалымы  PhD докторы атанды,

Әлемде алғашқы боп  алабота текті өсімдіктердің кейбір түрлеріне химиялық зерттеу жасаған қазақ ғалымы  PhD докторы атанды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен өсімдіктерді зерттеу Қытайда жақсы дамығандықтан тәжірибемді  Үрімжідегі физика-химия техникалық институтында шыңдадым. Жалпы алаботаның әлемде 225 түрі бар.  Қазақстанда оның 23 түрі, ал  Қытайда 19 түрі өседі. Дисертациямның тақырыбы «Abipex (алабота) текті өсімдіктердің кейбір түрлерін химиялық зерттеу» деп аталады. Зерттеу жұмысы кезінде бұл өсімдіктен 107 зат бөліп алдым.  Ондағы эфир майларының құрамы өте бай  екенін білдім. Сондай-ақ эфир майларының құрамының ішінде сабын, парфумерия және көптүрлі қан басым ауруларына пайдалы болатын препараттардың пайыздық мөлшері жоғары екенін байқадым. Өкінішке орай осы уақытқа дейін оны ешбір ел өндіріске пайдаланып жатқан жоқ. Біз бұл зерттеу жұмысы кезінде  жаңа заттарды алу туралы негізгі мақсатымызға қол жеткіздік», - дейді Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің химия факультетінің  PhD доктарантурасын бітірген Жанар Жеңіс.

Жалпы өсімдіктерді химиялық зерттеу - ұзақ мерзімдік үрдіс. Жас философия докторының айтуынша,  Қазақстан флораға өте бай. Сондықтан отандық дәрі-дәрмектерді жасау үшін  жан-жақты зерттеу жұмыстары қажет. «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды»,  дегендей  егер бұл  жұмыстар үкімет тарапынан  қолдау тауып жатса,  ғылымның барлық  салаларында  әрбір тақырып бойынша жеке ғалымдар емес олардың үлкен  шоғыры қалыптаспақ. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Олардың ашқан жаңалықтарын өндіріске енгізуге осы уақытқа дейін тек қаржы тапшылығы ғана қолбайлау болып отыр.