Әлемде апиын өндірісі төмендеп келеді - БҰҰ Басқармасы

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының мәлімдемесі бойынша, соңғы кезде әлемде апиын көкнәрін өсіру төмендеп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оңтүстік-Шығыс Азия және Ауғанстан бойынша жасалған соңғы шолулар аталмыш өңірлерде апиын алқаптары мен өндірісі қысқарғанын көрсетіп отыр.Оңтүстік-Шығыс Азияда өткен жылы 424 тонна апиын немесе әлемдік заңсыз жеткізілімнің 5 пайызға жуығы өндірілген. Таиланд пен Лаоста апиын өсіру тоқтаса, Мьянма апиын алқабының әлемдегі екінші көзі болып отыр. БҰҰ Басқармасының мамандары ағымдағы жылы Ауғанстанда да апиын өндірісі төмендейді деген болжам жасап отыр. Апиыннан азат провинциялардың саны 18-ге жеткен. Қалған 7 провинцияда апиын өсіру әлі де қысқара түседі деген болжамдар жасалуда. Өндірістің негізгі үлесі елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлеріне тиесілі.
Соңғы жаңалықтар