Әлемде бір тәулікте 500 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 тамызда дүниежүзі бойынша 500 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 28 тамыздағы жағдай бойынша әлемде 599 752 182 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды, тәулігіне өсім – 464 360 жағдай», - делінген ВАК хабарламасында.