Әлемде доңыз тұмауынан 5 мыңға жуық адам көз жұмды

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі әлемде А/H1N1 вирусын жұқтыру салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 5 мыңға жуықтап қалғанын мәлім етті.

Әлемде доңыз тұмауынан 5 мыңға жуық адам көз жұмды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, доңыз тұмауын жұқтырғандардың саны әлемде 414 945 адамға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.

 Америка құрылығында вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болған адамдардың саны ең көп тіркелген - 3 539. Америкада доңыз тұмауымен ауыратындардың саны 160 мыңнан астам адамды құрайды.