Әлемде екінші Тадж-Махал пайда болады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы) ХVII ғасырда Аграда салынған әйгілі мешіт-кесене - Тадж-Махалдың көшірмесі салынатын болады, деп хабарлады BBC News.
None
None

Жобаның құны 1 млрд. долларды құрайды. Тадж-Арабия аталатын кешен түпнұсқадан әлдеқайдаүлкен болады. Негізгі құрылыстың айналасында 300 нөмерлік қонақ-үй, дүкендер мен коммерциялық ғимараттар бой көтереді. Оған қоса кешеннің аумағында Эйфель мұнарасы мен мысыр пирамидаларының және Ұлы қытай қорғанының көшірмелері салынатын болады.

Нысан 2014 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жобаны іске асырушылардың идеясы бойынша, екінші Тадж-Махал махаббаттың символы болуы тиіс.

Айта кетейік, Тадж-Махал ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының нысаны болып табылады.

Соңғы жаңалықтар