Әлемде ең көп демалыс күндері Сауд Арабиясының еншісінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үлкен жиырмалық» елдері ішінде демалыс күндерінің саны бойынша әлемде бірінші орында Сауд Арабиясы тұр.

Әлемде ең көп демалыс күндері Сауд Арабиясының еншісінде

«Интеррейтинг» компаниясының мәліметінше, Сауд Арабиясының азаматтары жылына 59 күн демалады екен, яғни оның 30 күні еңбек демалысы болса, қалған 29 күні ресми демалыстар. Екінші орын Франция мен Бразилияның еншісінде. Бұл елдердің азаматтарына 30 күн еңбек демалысы мен 11 күн мерекелік демалыс ұсынылады.

Ал осы рейтингте Ресей үшінші орынға жайғасты. Мұнда қызмет адамы 28 күн еңбек демалысымен қоса 12 күн мерекелік демалуға құқылы.

Сонымен қатар әлемде филиппиндіктер жылына 5 күндік, ал Сингапур тұрғындары 7 күндік демалысты қанағат тұтуда.