Әлемде ғаламторды пайдаланушылардың саны жыл аяғында 3 млрд. адамға жетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде ғаламторды пайдаланушылардың саны осы жылдың аяғында 3 млрд. адамға жетпек, бұл дамушы елдерде тұрып жатқандардың үштен екісін құрайды.
Бұл туралы Халықаралық электр байланысы одағының баяндамасынан мәлім болды.
Бұл салада алғашқы орындар Еуропа елдеріне тиесілі болып отыр. Онда жыл аяғында төрт адамнан үшеуінің Желіге қолжетімділігі жүзеге аспақ. Сондай-ақ ғаламторға қосылудың жоғары қарқыны Солтүстік және Оңтүстік Америкаларда байқалады. Бұларда жыл аяғында үш адамның екеуі Дүниежүзілік тордың артықшылықтарын пайдаланатын болады.