Әлемде қару-жарақ саудасының көлемі 10 пайызға артты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Әлемдегі қару-жарақ саудасының көлемі 2013-2017 жылдар аралығында 10 пайызға артқан. Бұл туралы Стокгольм әлемдік мәселелерді зерттеу институтының (SIPRI) есебінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
2008-2012 жылдардағы деректермен салыстырғанда, Азия және Океания, сондай-ақ Таяу Шығыс елдеріне қару-жарақ жеткізу көлемі артқан. Африка, Америка, және Еуропа елдеріне баратын қару-жарақ ағыны керсінше кеміген. Қару экспортымен айналысатын елдер бестігі мыналар: АҚШ, Ресей, Франция, Германия, және Қытай. Аталған елдерге әлемдік қару экспортының 74 пайыз үлесі тиесілі.
Экспортта көш бастап тұрған ел АҚШ - 34 пайыз. Ресей екінші, Франция мен Германия үшінші төртінші орындарда. Қытай бесінші орында тұр, алайда оның әскери экспорты 5 жылдың ішінде 38 пайызға ұлғайған.
Ал қаруланып жатқан импортер елдердің көшін Тая Шығыс елдері бастап тұр, сонымен қатар Үндістан соңғы жылдар қару сатып алуда. Одан кейін Сауд Арабиясы мен Египетте қару импорты ұлғайып келеді.