Әлемде Қазақстандағыдай ынтымағымен мақтана алатын елдер көп емес - Юлия Денисенко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде Қазақстандағыдай ынтымағымен мақтана алатын елдер көп емес, деп есептейді Заңсыз діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі, діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының директоры, ҚХА мүшесі Юлия Денисенко.

Әлемде Қазақстандағыдай ынтымағымен мақтана алатын елдер көп емес - Юлия Денисенко

«1 мамыр - бүкіл Кеңес одағының мемлекеттері тойлаған мереке болатын. Бірақ қазақстандықтар оны тәуелсіздік жылдарынан кейін кеңінен тойлай бастады. Себебі о бастан ақ 130 ұлттың өкілі өз болашақтарын бірге көтерді, жаңа ортақ жеңістерге бірлесе қол жеткізді. Ұлттың осыншалықты әралуандығы жас мемлекетті құртып тынады деп айтқандар көп болды. Алайда Елбасының сауатты саясатының арқасында бұл біздің күшімізге айналды», - деп атап өтті ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Юлия Денисенко сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанда олардың барлығының мәдениеті мен өнері қолдау табуда. Олардың әрқайсысы бұл елде өзінің ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, толыққанды қазақстандық деп аталуға құқылы.

«Президент «осындай халқыма қызмет ету - мен үшін үлкен абырой» деген болатын, осы сөздері қатты елжіретті. Бұл елде әрбір қазақстандықтың ешбір шектеусіз дамып, бала-шағасын өсіріп, білім беріп, баянды болашағына сене алатыны үшін шексіз бақытты сезінесің. Ал Қарағандыдағы су тасқыны орын алған кезде қазақстандықтардың жапа шеккен халыққа гуманитарлық көмекті аямай жолдап жатқанына тіпті риясыз қуандым. Осынау керемет мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын, құрметті қазақстандықтар! Ашық аспан, таусылмас бақыт тілеймін!», - дейді Юлия Денисенко.