Әлемде көпөлшемді кедейлік жағдайында өмір сүретін адамдар саны соңғы 16 жылда алғаш рет өсті
АСТАНА. KAZINFORM - Көпөлшемді кедейліктің жаһандық индексі 2010 жылы енгізілгеннен бері алғаш рет өсімді көрсетті. Қазір әлемде 1,2 млрд адам осындай жағдайда өмір сүреді, олардың жартысынан астамы – балалар, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметінше, бұл көрсеткіш алдыңғы есеппен салыстырғанда 51,5 млн адамға артқан.
Көпөлшемді кедейлік жағдайында өмір сүретін адамдардың шамамен 83%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың жалпы санының жартысынан астамын, яғни 617 млн адамды балалар құрайды.
БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Александер Де Кроо кедейлік деңгейінің өсуі бүкіл әлем үшін алаңдатарлық белгі екенін айтты. Алайда ол мемлекеттер үйлесімді әрекет еткен жағдайда жағдайды өзгертуге болатынын атап өтті.
Көпөлшемді кедейлік индексі халықтың табысын ғана емес, білім алуға, медициналық көмекке және өмір сүруге қажетті басқа да негізгі жағдайларға қолжетімділігін ескереді.
Осыған дейін Аргентинада кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны артқаны туралы жаздық.