Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 103 миллионнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 103 млн миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 103 млн 835 мың 414 адамнан анықталды.
Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 251 мың 391 науқас. Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.