Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 105 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 105 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 105 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 105 млн 346 мың 199 адамнан анықталды.

Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 296 мың 700 науқас. Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.