Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 112 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 112 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 112 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 112 млн 073 мың 782 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 483 мың 456 науқас.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.