Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 250 миллионнан асты

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Әлемде SARS-CoV-2 коронавирустың расталған жағдайының саны 250 миллионнан, ал қайтыс болғандар саны 5,05 миллионнан асқан. Бұл туралы ҚазАқпарат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 250 миллионнан асты

ДДҰ жариялаған мәліметтерге сәйкес, 9 қарашадағы жағдай бойынша 250 154 972 адам коронавирус жұқтырған және 5 054 267 науқас көз жұмған. Ауруды жұқтырғандар саны күніне 370 007 адамға, ал қайтыс болғандар 6 183-ке жеткен.

ДДСҰ-ға түскен инфекцияның расталған жағдайларының көпшілігі АҚШ-та тіркелген – 46 193 234. Одан кейін Үндістан (34 377 113) және Бразилия (21 880 439).

Қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-та ең көп – 748 615 науқас, екінші орында - Бразилия (609 447), үшінші орында – Үндістан (461 389).