Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 миллионнан асты

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жұмадағы мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 475 миллионнан асқан, ал 6,1 миллионнан астамы қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 миллионнан асты

25 наурыздағы жағдай бойынша ДДҰ 476 374 234 адамның ауру жұқтырған және 6 108 976 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат алды. Ауруды жұқтырғандар саны бір тәулікте 1 608 935-ке, қайтыс болғандар 5 143-ке өсті.

Инфекцияның ең көп расталған жағдайлары АҚШ-та – 79 139 385. Одан кейін Үндістан (43 016 372), Бразилия (29 729 991), Франция (23 903 547) және Ұлыбритания (20 613 821) келеді. Ең өлімге әкелетін нәтижелер де АҚШ-та – 967 905, екінші қатарда Бразилия (657 998), үшінші орында Үндістан (516 755). Одан кейін Ресей (366 618) мен Мексика (322 277).