Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 22,6 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 22,2 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, әлем елдерінде коронавирус 22 млн 262 946 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 784 107, жазылып шықты – 14 млн 198 187 науқас.

Коронавирус ең көп анықталған елдер:

АҚШ - 5 525 235

Бразилия - 3 407 354

Үндістан - 2 767 273

Ресей – 935 066

Оңтүстік Африка Республикасы – 596 060

Перу - 549 321

Мексика - 531 239

Колумбия - 489 122

Чили - 390 037

Испания - 370 867

Иран - 350 279

Ұлыбритания – 322 996

Аргентина – 312 659

Сауд Арабиясы – 302 686

Пәкістан – 290 445

Бангладеш – 285 091

Франция – 256 534

Италия – 255 278

Түркия - 253 108

Германия - 229 706

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 989 366 адамды құрайды. Қайтыс болды – 775 893 науқас адам.

Коронавирусқа қатысты ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстанда індет 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450-і індеттен айықса, 1415-і қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар