Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3,5 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 3,5 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

4 мамыр, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, әлемде COVID-19-ды жұқтырғандар саны 3 566 295 адамды құрады. Қайтыс болды - 248 286, жазылды - 1 154 057 науқас.

Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ әлі де бірінші орында тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 188 122 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 27 348. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 247 122, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 1533), үшінші орында Италия (210717/+1389) тұр.

Коронавирус ең көп анықталған елдердің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар: Ұлыбритания:186599 / +4339,

Франция: 168693 / +297,

Германия: 165664 / +697,

Ресей: 134687 / +10633,

Түркия: 126687 / +1670,

Бразилия: 101147 / +4588,

Иран: 97424 / +976

ТМД елдерінде коронавирустың ең көп жағдайы Беларусь елінде анықталды. Науқастардың жалпы саны - 16705 адамға жетті. Бір тәулікте індетті 877 адам жұқтырды.

Одан кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:

Украина: жалпы саны 11913 / бір тәулікте анықталғандар +502

Молдова: 4121 / +69

Қазақстан: 3964 / +63

Армения: 2386 / +113

Өзбекстан: 2149 / +31

Әзербайжан: 1932 / +38

Қырғызстан: 795 / +26

Грузия: 589 / +7

Тәжікстан: 128 / +52


Соңғы жаңалықтар