00:50, 12 Маусым 2022 | GMT +6
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 330 206 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 330 206 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 1 121 өлім тіркелді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.
Комиссия мәліметтеріне қарағанда, 11 маусымда әлемде COVID-19 коронавирусын 539 908 577 адам жұқтырған.
Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 433 690 адамға өсті.
Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 11 маусым 2022 жылы әлем бойынша: 512 574 175 адамды құрап отыр.