Әлемде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 4 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетінен 4 миллионнан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 4 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 190 млн 355 мың 867 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 4 млн 088 мың 069 науқасты құрады. Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей орналасқан.