Әлемде мектеп жасындағы 75 миллиондай бала сауатсыз - БҰҰ

АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат -  Әлемнің   800 миллионға жуық тұрғыны     не оқи,  не  жаза білмейді, 
None
None

деп мәлім етті БҰҰ Бас хатшысы Пан  Ги Мун.  БҰҰ  Бас хатшысы    әлемдегі   сауатсыздықтың      деңгейін таңғаларлық көрсеткіш  деп  атады.

Пан Ги Мун қыркүйектің   8-інде   атап өтілетін    Сауаттылықтың  халықаралық  күніне  орай        жасаған  Жолдауында,   мектеп жасындағы 75 миллиондай баланың     оқу  мүмкіндігінен  айрылып   отырғанын    мәлім етті.

Ғаламшардың  ересек тұрғындарының  шамамен 776 миллионы  не  оқи,  не  жаза алмайды. Олардың басым бөлігі - әйелдер,  деп  атап  көрсетті БҰҰ  басшысы.

«Байлығы мол, ал     білім    мен    ғылым     бақыттырақ өмірге   жетелейтін  міндетті    жолдама      болып  табылатын    бүгінгі әлемдегі  сауатсыздықтың  деңгейі   таңғаларлық»,  деп   атап  көрсетті  Пан Ги Мун өз Жолдауында.

 БҰҰ Бас хатшысы    барлық  елдерді    жаппай сауаттылыққа   қол  жеткізу мақсаттарын  ұстануға  және  оны   барлық қажетті ресурстармен     қамтамасыз  етуге    үндеді.   Пан Ги Мун,  сауаттылықтың    адамдардың   тұрмысын  көтеру  мен    денсаулыққа  төнген ығыттармен күресудегі   қуатты    құрал  екенін   айрықша атап өтті.

Соңғы жаңалықтар