Әлемде мұнай бағасы көтеріліп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп келеді, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Әлемде мұнай бағасы көтеріліп келеді

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерсі 1,54%, барреліне $50,27 дейін көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында  Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерсі 0,80%, барреліне $52,84  дейін көтерілді.